F.A.Q

IELTS – бұл 4 дағдыға жүргізілетін сынақ:
Listening (естігенді түсіну)
Reading (оқу)
Writing (жазу)
Speaking (ауызекі ағылшын)

IDP IELTS Kazakhstan проводит IELTS по всему Казахстану на компьютере и на бумажном носителе, список городов и формат тестов можно посмотреть Сілтемесі

Енді IELTS емтиханын компьютерде тапсыруға болады! Компьютердегі IELTS қағаздағымен бірдей, тек бір айырмашылығы біреуінде компьютер мен пернетақта, ал екіншісінде қағаз бен қарындаш бар. Емтиханның екі форматы да ресми болып есептеледі.

Емтихан түрін таңдау қашан да үміткердің қалауы бойынша және берілген сертификатты алдағы уақытта қайда және қалай пайдаланатынына байланысты болады.
Әдетте, Академиялық (Академиялық) модульді шетелдік ЖОО-ға түсуге дайындалып жүрген үміткерлер таңдайды. (General Training) жалпы модулі көбінесе орта білім алу немесе шетелде жұмысқа орналасу үшін, сондай-ақ қоныс аудару үшін қажет. Дегенмен, ерекшеліктер де бар. Сондықтан Сіз тікелей өз IELTS сертификатыңызды ұсынатын ұйымға қай модульді тапсыру керектігін анықтауға кеңес береміз. Емтиханның түрі мен модулін таңдау толығымен емтихан тапсырушының жауапкершілігінде. Өкінішке орай, орталықтардың Сізге ұсыныс жасауға құқығы жоқ.

Сынаққа қатысушылардың барлығы тыңдау және сөйлеуге біркелкі, ал оқу мен жазу бойынша әр түрлі сынақ тапсырады. Мысалы, General Training Module модуліндегі жазу бөлімінің бірінші тапсырмасы - хат жазу, ал Academic Module модульде - кестені сипаттау.

Әдетте, IELTS 16 жастан асқан үміткерлерге ұсынылады. Алайда, егер сіз 16 жасқа толмаған болсаңыз және сынақ тапсырғыңыз келсе, бұған ешқандай шектеулер жоқ. Ең төменгі жас шегі тек ұсыныс болып табылады.

Сіз тіркеу ашық болса, қалаған күніңізде www.ielts.kz сайтында онлайн тіркеле аласыз. Әр емтиханға тіркелудің аяқталу күні алдын ала анықталады.

IELTS for UKVI — бұл Біріктірілген Корольдік үкіметі мақұлдаған Secure English Language Test (SELT). Бұл сіздің ағылшын тілін меңгергеніңізді растау үшін UK Visa and Immigration (UKVI) өтініш беру кезінде IELTS пайдалануыңызға болады деген сөз.
IELTS for UKVI контенті бойынша әдеттегі IELTS еш айырмашылығы жоқ. Бұл сол IELT Academic немесе General Training. Айырмашылығы тек техникалық жағында ғана:
Емтиханның бейнежазбасы жасалады;
Сертификатта UKVI арнайы нөмірі көрсетіледі.

IELTS Life Skills – бұл ауызекі ағылшын тілі (Speaking) және тыңдау (Listening) бойынша Жалпыевропалық (CEFR) тілдік құзыреттілік бағамы бойынша А1 және В1 деңгейлеріндегі сынақ. Ол Ұлыбританияның көші-қон қызметінің талаптарына сәйкес:
отбасымен қайта қосылу үшін;
• тұрақты тұру немесе азаматтық алу; үшін виза алғысы келетіндер үшін әзірленген.

Емтихан сіздің дағдыларыңызды негізгі төрт критерий бойынша бағалайды:
— ақпарат алу (obtaining information);
— алынған ақпаратты түсіну және пайдалану (conveying information);
— қарым-қатынас жасау үшін ауызекі сөйлесу (speaking to communicate);
— талқылауға қатысу (engaging in discussion)
Емтихан қабылдаушы ауызекі сөйлесу (speaking) және тыңдау дағдыларын (listening) бағалайды.
IELTS Life Skills нәтижелері сынақ тапсырғаннан кейінгі 7-ші күні дайын болады.
Сіз екі нәтиженің біріне ие боласыз:
— Pass
— Fail

Біздің Орталық мүмкіндігі шектеулі үміткерлердің арнайы қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға және олардың тапсырмаларды жақсы түсінуі мен оларды орындауларына мейлінше жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салады. Біздің мақсатымыз – кез келген үміткеріміздің физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан тілді меңгеру деңгейін объективті бағалау. Ерекше жағдайларды талап ететін үміткерлер бұл туралы Орталыққа қалаған тапсыру күнінен 3 ай бұрын, өтініш берген кезде хабарлауы қажет.

Сіз сынақты шексіз рет тапсыра аласыз. Тапсыру мерзімі бойынша шектеулер жоқ. IELTS қалағаныңызша тапсырып, қайта тапсыра аласыз.

Да, IDP IELTS Kazakhstan проводит One Skill Retake. One Skill Retake доступен кандидатам в течение 60 дней после теста. Регистрироваться на One Skill Retake проходит через личный кабинет кандидата. Подробнее о One Skill Retake

Өзіңізбен бірге міндетті түрде құжатыңыз (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) (мұқабасыз төлқұжат немесе жеке куәлік) болуы тиіс, сондай-ақ (сыйымдылығы 0,5 л аспайтын) заттаңбасыз мөлдір бөтелкеде ауызсу алып кіруге рұқсат етіледі. Емтихан бөлмесіне басқа заттарды, соның ішінде қол сағаттарын алуға болмайды.
Барлық жеке заттарыңызды емтихан бөлмесінен тыс, Орталық қызметкерлері көрсеткен жерде қалдыруыңыз керек. Ұялы телефондар мен басқа да электрондық құрылғыларды өшіріп, басқа да жеке заттарыңызбен бірге емтихан бөлмесінен тыс жерде қалдыруыңыз керек. Бұған қоса, емтихан күні өзіңізбен бірге аса құнды заттарды алып жүрмеуге кеңес береміз. Емтихан кезінде бөтен заттарды алып жүргені анықталған үміткер емтиханнан шығарылады. Бұл жағдайда емтиханға төленген жарна үміткерге қайтарылмайды.

Все секции IELTS на компьютере проводятся в один день, при регистрации на тест Вы можете выбрать удобное для себя время. В случае изменения времени, с Вами заранее свяжутся сотрудники Центра. Расписание корректируется за 3 дня до экзамена.

IELTS в бумажном формате — дата письменной части теста фиксированная, Устный тест может проходить в тот же день, что и письменная часть или в течение нескольких дней до или после письменной части. Расписание корректируется за 7 дней до экзамена.

Если у Вас есть особые пожелания по дате/времени проведения какой-либо части экзамена, просим связаться с центром до корректировки расписания в сроки, указанные выше

Емтихан мерзімінен бас тарту немесе оны кейінге қалдыру (Paper based) сынақ мерзіміне дейінгі 5 апта немесе (Computer based) дейінгі 7 күн аралығында ғана мүмкін болады. Егер 5 аптадан кем уақыт (7 күн CВ) қалса, онда бас тарту немесе кейінге қалдыру тек мына жағдайларда ғана қарастырылады:
• Күрделі ауру – мысалы, ота, ауруханаға жату т.б. (бұл категорияға ауырлығы орта деңгейдегі ауру кірмейді);
Асыраушыдан айырылу – жақын туысының өлімі;
Қылмыстық іс-әрекеттер немесе жол апатына байланысты алынған ауыр жарақат
Әскер қатарына шақырылу/әскердегі қызмет;
Жоғарыда келтірілген себептердің барлығы құжатпен расталуы қажет.
Емтихан болмаған жағдайда базалық құнның 25% көлеміндегі сомасы ұсталынады, кейінге қалдырылған жағдайда базалық құнның 25% көлемінде қосымша төлем қажет.

Жазбаша емтихан 2 сағат 45 минут болады: Listening – 30 мин., Reading – 60 минут, Writing – 60 минут және Speaking – 11-15 минут.

Жоқ. Reading тапсырмасының ұзақтығы — 60 минут. Бұл уақыт мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беруге және оларды жауап парағына көшіру үшін беріледі.

Speaking жоғары біліктілікті емтихан қабылдаушымен жеке әңгімелесу түрінде өтеді. Бұл жерде халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес, Сіздің сөзіңіз дыбыс жазу құрылғысына жазылады.

Үміткерде емтиханның жазбаша бөлігі кезінде өзінде болған және сол бойынша емтиханға тіркелген, жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек. Бұл құжаттар тіркеу парағындағы мәліметтермен салыстырылады және емтихан басталар алдында әкімшімен және емтихан қабылдаушымен тексеріледі. Барлық кеңсе тауарларын, сонымен қатар жоба нұсқасын сізге емтихан қабылдаушы табыстайды.
Все канцелярские принадлежности, а также черновик, Вам будут выданы экзаменатором.

IELTS — халықаралық емтихан. Сондықтан да емтиханның кез келген бөлігінде сіз ағылшын тілінің ресми қабылданған түрлі акценттерін кездестіруіңіз мүмкін: американдық, канадалық, австралиялық, жаңазеландиялық, британдық және т.б. Сонымен қатар емтихан тапсырмаларын құрастырушылар LISTENING бойынша тапсырмаларындағы әр түрлі екпіндерді мүмкіндігінше әдейі өзгертуге тырысады.

Жоқ.
Емтиханның барлық бөлімдері (Listening, Reading және Writing) тек қарындашпен орындалады. Бұл ретте қарындаштар мен басқа да қажетті кеңсе тауарларын Сіздерге Орталық қызметкерлері табыстайтын болады.

Иә, жасай аласыз.
Бірақ емтихан қабылдаушы сіздің тапсырмалар Парағыңызды көрмейтінін есте сақтаңыз. Сондықтан барлық жауаптар осы үшін белгіленген уақытта жауаптар Парағына көшірілуі тиіс.

Өз нәтижеңізді онлайн тексере аласыз. 13-ші күні сайтқа құжат деректерін енгізіп, ұпайларыңызды көре аласыз. Компьютерлік тест нәтижесін емтиханнан кейінгі 5-7 күннен соң немесе одан ертерек біле аласыз.

Сертификатты қолыңызға негізгі (Paper based) сынақтан кейін 13-ші күні немесе 5-7 күннен кейін (Computer based) ала аласыз. Егер нәтиже шыққан күні Орталыққа жету мүмкін болмаса, кейінірек алуға болады. Егер сіз басқа қаладан болсаңыз, сертификатты сізге пошта арқылы жіберуге болады.

Телефон арқылы, электрондық пошта, хат жазу және т.б.арқылы нәтижелер АЙТЫЛМАЙДЫ!

Қолға бір сертификат. беріледі

Иә, болады — егер сізде біздің кеңседе толтырылған немесе сайттан жүктеп алынған сенімхат болса. Сенімхатты өз электрондық поштаңыздан Орталықтың электрондық поштасына жіберуіңіз қажет.

Емтихан мерзімінен бастап алты апта ішінде сіз апелляцияға бере аласыз (ақылы қызмет, 160 AUD тұрады). Апелляцияны қарау мерзімі 2 күннен 21 күнге дейінгі уақытты құрайды.
Апелляцияны (2-21 күн) қарау мерзімі бірнеше факторларға, соның ішінде қайта тексерілетін бөліктердің санына байланысты болады, алайда олармен шектелмейді. Егер Сіз өз апелляцияның нәтижесін 28 күннен кейін алмасаңыз, өтініш, Орталыққа хабарласыңыз.
Егер апелляция нәтижесі бойынша ұпайыңызды жоғарылатса, IELTS Орталығы апелляция үшін төленген сомаңызды толық мөлшерде қайтарады. Егер де нәтиже көтерілмесе, үміткер апелляцияға төленген сомадан айырылады.

Сертификат емтихан тапсырған сәттен бастап 2 жылға жарамды.

Сертификат тапсырған күннен бастап 2 жыл бойына жарамды. Сіз кез келген жарамды сертификатты пайдалана аласыз.

Сынақ тапсырған мерзімнен кейінгі екі жыл аралығында үміткер қосымша сертификаттар шығару мақсатында орталыққа жүгінуге құқылы. Қолға екі көшірмеден артық алуға болмайды. Сертификаттың бір көшірмесінің құны 2500 теңгені құрайды.
Нәтижелер шыққанға дейін Сіз қабылдаушы ұйымдар (ЖОО, елшіліктер) үшін өз сертификатыңыздың 10 көшірмесіне дейін тегін тапсырыс бере аласыз. Ол үшін:
1. Сынаққа тіркеу кезінде ұйымның атауын көрсетуіңіз қажет;
2. Нәтижелер шыққанға дейін Application for the Issue of Additional TRFs (қосымша сертификатқа арналған өтініш пішіні) тапсырыс беруге тиіссіз (нәтижелер шыққан соң шығарылым ақылы – бір көшірме үшін 2500 тг).
Сіз өтініш үлгісінде көрсеткен оқу орындары немесе ұйымдар сіздің тест нәтижелеріңізді сізден бұрын алуы мүмкін. Бұл кейбір ЖОО-ы/ұйымдардың IELTS Certificate Verification Service қолдана отырып, үміткерлердің нәтижелерін электрондық форматта қабылдайтынымен түсіндіріледі.
IELTS Certificate Verification Service көмегімен нәтижені қабылдамаған оқу орындары үшін сертификат үміткердің есебінен курьер арқылы жіберілуі мүмкін. Орталық таңдалған курьерлік қызметтің қызметі үшін ақы төлемейді.

kk