...

Тестілеу күнінің кестесі

Жазбаша тестілеуге тіркелу 12.15-те басталады. Тіркеу бөлмесіне кірер алдында барлық жеке мәселелер (телефон қоңыраулары, дәретхана және т.б.) аяқталуы тиіс.

Тіркеуге кешігіп келген үміткерлер жазбаша тестілеуге жіберілмейді

Жазбаша сынақ (Listening, Reading, Writing) сағат 13.00-де басталып, 3-3,5 сағатқа созылады.

Әдетте тестілеу 16.00 - 16.30-да аяқталады.

Ауызша (Speaking) тестілеудің уақыты үміткерге тестілеуге шақыру қағазында хабарланады, ол жазбаша тестілеуді өткізудің белгіленген мерзімінен 7-10 күн бұрын үміткердің электрондық поштасына жіберіледі. Үміткер тіркеуден өту үшін тест басталардан 20 минут бұрын ауызша тестілеуге келуі тиіс.

Ауызша және жазбаша тест тапсыру күні өзіңізбен бірге мыналарды алып келуіңіз керек:

  1. Жеке басыңызды растайтын негізгі құжат. Бұл тіркеу кезінде түрі мен нөмірі көрсетілген құжат болуы тиіс. Үміткер негізгі және ауызша тестілеу күні осы нақты құжатты ұсынбаса, тестілеуге жіберілмейді.
  2. Сіздің жеке басыңызды растайтын екінші қосымша құжат (мысалы: төлқұжат/жеке куәлік/жүргізуші куәлігі);
  3. IELTS тестісінің төлемі туралы түбіртек;
  4. Қарапайым қарындаш;
  5. Өшіргіш;
  6. Ұштағыш.
kk