IELTS: необходимые действия при отмене, переносе или возврате ...

Отказ, пропуск или перенос экзамена IELTS

Емтиханнан бас тарту немесе оны ауыстыру тек 7 күн бұрын ғана мүмкін болады (Computer based). Егер 7 күннен аз уақыт қалса (Computer based), ауыстыру/болдырмау келесі жағдайларда ғана қарастырылады:
• Күрделі ауру – мысалы, ота, ауруханаға жату т.б. (бұл категорияға ауырлығы орта деңгейдегі ауру кірмейді);
Асыраушыдан айырылу – жақын туысының өлімі;
Қылмыстық іс-әрекеттер немесе жол апатына байланысты алынған ауыр жарақат
Әскер қатарына шақырылу/әскердегі қызмет;
Жоғарыда келтірілген себептердің барлығы құжатпен расталуы қажет.
Емтихан болмаған жағдайда базалық құнның 25% көлеміндегі сомасы ұсталынады, кейінге қалдырылған жағдайда базалық құнның 25% көлемінде қосымша төлем қажет.

  • Request for Refund Form толтырылған өтініш;
  • жоғарыда көрсетілген себептерді жазбаша растау (жалпы тәжірибелік дәрігердің анықтамасы/қайтыс болу туралы анықтама/полицияның баянаты).

Үміткердің ақшаны қайтару/тестілеу күнін ауыстыру туралы өтінішін әкімші 1 апта ішінде қарайды, содан соң шешім қабылданады. Егер үміткердің өтініші бойынша оң шешім қабылданса, үміткер төлеген соманың 25%-ы алынып тасталып, ақша қайтарылады.

Егер үміткер тестілеу күніне дейін және тестілеу өткізілген күннен соң 3 жұмыс күні ішінде Орталыққа хабарламай, тестілеуге келмеген болса, үміткер төлеген сома қайтарылмайды.

kk