...

UK Visas and Immigration таныған IELTS емтихандары

IELTS Academic және IELTS General Training

Тест модулін таңдау және өту ұпайы виза талаптарына және/немесе оқуды немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған мекеменің талаптарына байланысты болады.

IELTS Academic

IELTS емтиханының академиялық модулі оқу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайды. Тапсырмалар мен мәтіндердің академиялық бағыттылығы бар, дегенмен де белгілі бір салада терең білімді қажет етпейді.

Жалпы, Академиялық модуль ағылшын тілінде жоғары білім алуды жоспарлайтындар үшін қажет. Сонымен қатар, көптеген кәсіби ұйымдар (медицина, мейірбике ісі, бухгалтерлік есеп, инженерлер және т.б.) көптеген елдерде мамандарды тіркеу үшін Academic IELTS емтиханын талап етеді.

IELTS General Training

IELTS жалпы модулі практикалық, күнделікті контексте ағылшын тілін білу деңгейін бағалайды. Тапсырмалар мен мәтіндер жұмысқа немесе ағылшын тілінде сөйлейтін ортадағы күнделікті жағдайлармен байланысты болады. IELTS General Training орта немесе кәсіптік білім алуға, сондай-ақ жұмыс істеуге ниет білдіретіндерге арналған. Жалпы модуль, сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге, соның ішінде Австралияға, Ұлыбританияға, Канадаға және Жаңа Зеландияға көшіп кету үшін қажет.

Егер сіз Ұлыбритания визасына өтініш беру үшін Академиялық немесе Жалпы IELTS модулін тапсыратын болсаңыз, лицензиясы бар UKVI орталығында тіркелетініңізге көз жеткізуіңіз қажет. Ұлыбритания және Ұлыбританиядан басқа елдер үшін визаларға арналған IELTS Academic және IELTS General Training – мазмұны, емтихан алушылар, пішімі, қиындық деңгейі, бағалау критерийлері мен ұпайлары бірдей.

IELTS Life Skills

IELTS Life Skills – CEFR шкаласы бойынша A1 және B1 деңгейлерінде ағылшын тілінде сөйлеу (Speaking) және тыңдау (Listening) бойынша емтихан. Ол UK visas and Immigration визаларының белгілі бір санаттары мен басқа да көші-қон мақсаттары үшін арнайы әзірленген.

IELTS Life Skills тесті туралы қосымша ақпаратты мында таба аласыз. Сілтемесі.

Ағылшын тілінің талаптарын тікелей UK visas and Immigration тексеруді ұсынамыз.

IELTS емтиханы және Ұлыбритания визасы үшін қажетті ұпай

Егер сізге Ұлыбритания визасы үшін IELTS сынағы қажет болса, оны тек сертификатталған UKVI IELTS Сынақ Орталығында тапсыра алатыныңызға назар аударамыз. IDP IELTS Kazakhstan емтихан орталығы UKVI аккредиттелген IELTS орталығы болып табылады және Ұлыбритания визалары үшін Алматы, Астана, Атырау және Бішкек қалаларында (Қырғызстан) UKVI мақұлдаған барлық сынақтарды ұсынады.

Мұнда кез келген сынаққа тіркелуге болады.

Дегенмен, тіркеуден бұрын біз сізге UK Visas and Immigration (UKVI) бөлімінен виза алуға өтініш беру үшін қандай сынақтан өтуіңіз керек екенін анықтап алуға кеңес береміз. Қосымша ақпарат алу үшін Guidance on applying for a UK visa: approved English language tests зерттеп алуыңызға болады.

Жылдам нұсқаулық ретінде мына кестені пайдалана аласыз:

Visa description
(United Kingdom only)
CEFR level requiredSkillsIELTS test and score required
Tier 1 (General) visaC1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 7.0 overall, and for each of the four skills
Tier 1 (Exceptional Talent) visaB1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.0 overall, and for each of the four skills
Tier 1 (Entrepreneur) visaB1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.0 overall, and for each of the four skills
Tier 1 (Graduate Entrepreneur) visaB1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.0 overall, and for each of the four skills
Tier 2 (General) visaB1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.0 overall, and for each of the four skills
Tier 2 (Sportsperson) visaA1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.01 overall, and for each of the four skills
Tier 2 (Minister of Religion) visaB2Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 5.5 overall, and for each of the four skills
Tier 4 (General) student visa — below degree level
(Please read the important note on Tier 4 student visa.)
B1Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 4.03 overall, and for each of the four skills
Tier 4 (General) student visa — below degree level
(Please read the important note on Tier 4 student visa.)
B2Reading, Writing Speaking, and ListeningIELTS — 5.53 overall, and for each of the four skills
Family of a settled person visaA1Speaking and ListeningIELTS Life Skills at A1 — Pass
Indefinite leave to remain (to settle) or citizenship2B1Speaking and ListeningIELTS Life Skills at B1 — Pass

1 UKVI CEFR B1 деңгейіне сәйкес келетін барлық бөліктерде 4.0 және одан жоғары IELTS тестін қабылдайды.

2 UKVI осы виза санаты үшін SELT немесе Ofqual тізімдеріндегі сынақты қабылдайды. Тест Speaking и Listening тұруы керек.

3 Tier 4 санатына арналып көрсетілген ұпайлар UKVI талабы болып табылады. Оқу орындары сіз өтінім беріп отырған бағдарламаға жоғары талаптар қоюы мүмкін. Тренингте қойылатын талаптарды анықтаңыз.

Аталған өзгерістер, UK Home Office (https://www.gov.uk/english-language) анықтағандай, ЕО, Еуропалық экономикалық аймақ, Швейцария және «ағылшын тілінде сөйлейтін көптеген елдердің» азаматтарына қолданылмайтынын ескеріңіз.

Tier 4 студенттік визаға арналған маңызды ақпарат

Tier 4 студенттік визасына үміткерлерге бұл виза талаптарының өзгерістері әсер етпейді. Highly Trusted Sponsor (HTS) тізімінен оқу мекемесіне Tier 4 студенттік визаға өтініш беретін үміткерлер оқу мекемесі орнатқан ағылшын тілі бойынша талаптарға сай болуы тиіс. Ұлыбританияның барлық университеттері мен колледждері IELTS сертификатын қабылдайды. Бұл оқу орнының өзі талап етпесе, IELTS UKVI емтиханын тапсырудың қажеті жоқ дегенді білдіреді.

Өзіңіздің оқу орныңыздан қандай талаптар қоятынын өз бетіңізше тексеруді ұсынамыз. Ақпарат үшін: https://www.goқv.uk/government/publications/register-of-licensed-sponsors-students

kk