...

IELTS тесті кезіндегі мінез-құлық ережелері

Сіз мыналарды орындауға тиіссіз:

  • Орталыққа шақыру қағазында көрсетілген уақыттан кемінде 20 минут бұрын келу. Кешіккен үміткерлер тестілеуге жіберілмейді!
  • Барлық жеке заттарыңызды тіркеу бөлмесінде қалдыру.
  • Өзіңізбен бірге болуы тиіс құжат, (мұқабасыз) төлқұжат немесе жеке куәлікке (Қазақстан азаматтары үшін) қосымша, емтиханға (сыйымдылығы 0,5 л аспайтын) заттаңбасыз мөлдір бөтелкеде ауыз су алып келуге рұқсат етіледі. арналған белгі. Қарындаштар (HB/No2), өшіргіш, ұштағыш. Емтихан бөлмесіне басқа заттарды, соның ішінде қол сағаттарын алып кіруге болмайды;
  • Тест күні сізге берілген нұсқауларды мұқият тыңдаңыз және орындаңыз;
  • Егер сізге қате сынақ кітапшасы берілді деп есептесеңіз, дереу IELTS орталығының қызметкерлеріне хабарлаңыз;
  • Сынақ кітапшасы толық емес немесе оқуға қиын болса, дереу IELTS орталығының қызметкерлерін хабардар етіңіз;
  • Не істеу керектігіне күмәнданған жағдайда IELTS орталығының қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз, олардың назарын аудару үшін қолыңызды көтеріңіз. IELTS орталығының қызметкері сізге көмекке келеді.

Мыналарға тыйым салынады:

  • Кешігіп келуге;
  • Емтихан бөлмесіне көшірме парақтарымен, сөздіктермен, (механикалық және электронды) сағаттармен, (қосулы немесе өшірулі) ұялы телефондармен және басқа да электрондық құрылғылармен кіруге;
  • Емтихан бөлмесінде және оның айналасында шулауға;
  • Қаламсап, түзеткіштер мен маркерлерді пайдалануға
  • Тестілеу кезінде IELTS орталығының қызметкерлерін қатты дауыстап шақыруға;
  • Тестілеу кезінде басқа үміткерлермен материалдар және құжаттармен алмасуға;
  • Тестілеу кезінде сөйлесуге, көшіріп жазуға;
  • «Stop writing now» деген нұсқау берілгеннен кейін де жазуды жалғастыруға. Бақылаушы «Stop writing now» нұсқауы берілгеннен кейін толтырылған жауаптарды сызып тастауға құқылы;
  • Өзіңізбен бірге тест материалдарын алуға;
  • Өзіңізбен бірге тест материалдарын алуға;
  • Барлық тест материалдары жиналғанша орныңыздан кетуге;
  • Тест мазмұнын талқылауға және жария етуге.

Жоғарыда аталған ережелердің біреуін немесе бірнешеуін бұзған үміткер тестілеуден шеттетіледі, (TRF) сертификатын алмайды және тестілеу жарнасын қайтарып алмайды.


kk