IELTS One Skill Retake ...

IELTS One Skill Retake

IELTS One Skill Retake – егер үміткер бастапқы нәтижесі тілдік қабілеттерін көрсетпейді деп есептесе, IELTS-тің (Listening, Reading, Writing, Speaking) төрт бөлімінің бірін қайта тапсыру мүмкіндігі. One Skill Retake IELTS Academic және IELTS General Training сынақтары үшін қолжетімді.

IELTS – үміткерлерге қажет болған жағдайда тесттің бір бөлімін қайта тапсыруға және жалпы сынақ ұпайын жаңартуға мүмкіндік беретін жалғыз халықаралық тіл сынағы.

IELTS – тың бір бөлімін қайта тапсырған негізінде, үміткерге жаңартылған сертификат беріледі - One Skill Retake Test Report Form деп аталады, бұл сертификатта IELTS-тың бастапқы тест күні белгіленеді.

One Skill Retake Test нәтижесінде, қайта тапсырған бөлімінің нәтижесі мен қалған үш бөлімдерінің бастапқы нәтижелері және орта нәтижесі белгіленеді, сонымен бірге жалпы нәтиже ағылшын тілдің еуропалық анықтамалық шеңберіне сәйкес әріптік мәнде көрсетіледі (CEFR).

Бастапқы IELTS сертификаты мен One Skill Retake Test сертификаты үміткерде қалады және 2 жыл бойы жарамды болады.

Нәтижені қабылдаушы ұйымдарға (Университеттер, Колледждер, Мектептер, Елшіліктер және т.б.) жіберген кезде үміткерлер таңдау бойынша IELTS бастапқы тестінің нәтижесін немесе жаңартылған One Skill Retake Test сертификатын пайдалана алады. Қабылдаушы ұйымдар IELTS One Skill Retake нәтижелерін IELTS тест нәтижелерімен қатар кабылдай алады.

F.A.Q

17.11.2023 күнінен бастап IELTS on Computer сынағын тапсырған үміткерлерге қолжетімді.

Үміткердің https://book.ielts.idp.com/ сайтындағы жеке парақшасында, «View My Tests» бөлімінде. Тапсырған IELTS нәтижелерімен қатар «Retake» түймесі көрсетіліп тұрады, сол түймені басып One Skill Retake сынағына тіркелу мүмкін. Бастапқы IELTS-қа тіркелгендей барлық өрістерді толтырып және сынақ ақысын 48 сағаттын аралығында төлеу міндет.

51 600 тенге.

IELTS One Skill Retake-ті бастапқы IELTS сынағынан кейін 60 күн аралығында тапсыруға болады.

Кез келген IELTS бөлімін қайта тапсыруға болады.

Тек бір рет және бір бөлімін тапсыруға болады.

Иә, екі нәтиже де 2 жыл бойы жарамды болады.

Қайта тапсырған бөлімінің нәтижесіне апелляция қабылданады ма?

Сынағыңыз және төленген ақысы күйіп кетеді және қайта тіркелу мүмкін емес болады.

Ия, бұл мүмкін, бірақ үміткер алдын ала, аз дегенде 4 күн бұрын IELTS орталығымен хабарласу керек.

IELTS One Skill Retake нәтижесі 3-5 күннен кейін қолжетімді болады.

kk