...

IELTS тестінің артықшылықтары

Преимущества сдачи Компьютерлік IELTS

Экзамен IELTS на компьютере уже здесь!

Сіздер өтіндіңіздер, біз құлақ астық

Computer-delivered IELTS, бұл:

Емтихан тапсыру күндерін таңдау мүмкіндігі. Аптасына 6 рет, күніне 2 сынақ сессиясы.

Нәтижені сынақ тапсырғаннан кейінгі 3-5 күннен соң аласыз.

Academiс және General Training – екі модулін де тапсыра аласыз.

Speaking test негізгі тестілеуден 3 күн бұрын немесе одан кейін 3 күн ішінде немесе тестілеу күні өткізіледі.

1 аудиторияда ең көбі 10 үміткер емтиханды бір уақытта өте қолайлы жағдайда тапсырады;

Дайындықтың тегін ресурстары;

Жазбаша бөлімнің барлық бөліктерінде сағат мониторда көрсетіледі, емтихандағы уақытты бақылауға өте ыңғайлы.

Listening: құлаққаппен тапсырылады. Бұл аудиторияның қалған бөлігінен мүмкіндігінше оқшаулануға мүмкіндік береді, дыбыс деңгейін қалағаныңызша реттеуге болады.  

Ұзақтығы 30-34 минут, жауаптарды тасымалдауға қосымша уақыт берілмейді, өйткені аталған бөлімде сіз жауапты бірден таңдайсыз және оны ешқайда жіберудің қажеті жоқ. Емтиханның басында және соңында тапсырмамен танысуға және жауаптарды тексеруге 2 минут уақыт беріледі.

Reading: интерфейс өте ыңғайлы құрылған, сіз мәтінде жазбалар түсіруге, қажетті сөздер мен сөйлемдерді түстермен ерекшелей аласыз. Экранда бір уақытта мәтін мен оған арналған сұрақтар көрсетіледі, одан әрі кітапшаны парақтаудың қажеті жоқ. 3 бөлім, 40 сұрақ, ұзақтығы 60 минут болады.

Writing: егер сіз қолмен жазудан гөрі пернетақтада теруді қаласаңыз, бұл тамаша шешім. Мәтінді өшіру және түзету қағазға қарағанда әлдеқайда оңай. Енді сөздерді санаудың қажеті жоқ! Компьютер оларды сіз үшін автоматты түрде санап, экранда көрсетеді. 2 тапсырма беріледі, әр тапсырма бойынша 2 эссе теріп жазу керек. Ұзақтығы 60 минут. Біз бірінші тапсырмаға 20 минут, екінші тапсырмаға 40 минут бөлуді ұсынамыз, өйткені 2-тапсырманың бағасы Writing бойынша жалпы ұпайға көбірек әсер етеді.

Speaking: емтихан алушымен бетпе-бет, адаммен сөйлесе отырып, сұхбат форматында жүргізіледі, жақсы ұпай алу мүмкіндігі компьютерге қарағанда жоғары. Ұзақтығы 11-14 минут.

Тест тапсырмаларының мазмұны, сұрақтардың түрлері, бағалау критерийлері Paper based IELTS тестіндегідей болып қалады. Емтиханның 2 түрі арасындағы қиындық деңгейі бірдей.

Computer-delivered IELTS сертификатының Paper based IELTS сертификатынан еш айырмашылығы жоқ.  

Computer-delivered IELTS можно сдать в наших головных офисах в городах Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Актау и Кызылорда .

kk