Сынама IELTS

Егер сіз IELTS емтиханына дайындалып жатсаңыз және өз күшіңізді тексергіңіз келсе, IELTS сынақ тесті тамаша шешім болмақ. Ол сізге көмектеседі:

  • Қазіргі білім деңгейіңізді бағалауға мүмкіндік береді.
  • Берілген уақыт ішінде үлгеретініңізді тексеруге мүмкіндік береді.
  • Күшті және қосымша жұмыс істеуді қажет ететін әлсіз жақтарыңызды анықтауға көмектеседі.

Сынақ тесті сонымен қатар тестілеу орталығымен, емтихан форматыымен танысуға және IELTS тапсыру алдында күйзеліс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

IDP IELTS Kazakhstan IELTS сынақ тестін paper-based форматында (қағаз түрінде) өткізеді.

IELTS сынақ тестін қай жерде тапсыруға болады?

  • Жазбаша тестті (Listening, Reading, Writing) тапсыру үшін Кандидаттың тестілеу орталығына жеке келуі қажет. Тест Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қызылорда қалаларындағы IDP IELTS Kazakhstan орталықтарында өткізіледі.
  • Ауызша тест (Speaking) онлайн форматта Zoom арқылы өтеді. Кандидаттың тестілеу орталығында физикалық түрде болуы талап етілмейді. IELTS сынақ ауызша тестін әлемнің кез келген нүктесінен тапсыруға болады.

IELTS сынақ тесті шынайы емтиханға барынша жақындатылған. Сізге ресми регламентті сақтап, емтиханға ұқсас жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді:

  • Listening: 30 минут тыңдау + жауаптарды көшіру үшін 10 минут беріледі.
  • Reading: 60 минут.
  • Writing: 60 минут.
  • Speaking: 11–14 минут, сарапшымен бірге өткізіледі.

IDP IELTS Kazakhstan сынақ тестін тапсырудың негізгі артықшылықтары:

  • Тест ресми тестілеу орталығында өткізіледі. Сіз алдын ала орталықтың орналасқан жерін білесіз, логистиканы ойластырасыз, тест тапсыру процесімен танысасыз, тест басталар алдында тіркелу тәртібін көресіз. Осындай ұсақ-түйек болып көрінетін жайттар ресми тестке эмоционалды тұрғыдан дұрыс дайындалуыңызға маңызды рөл атқарады.
  • Тапсырмалар IELTS халықаралық ашық материалдар базасынан қалыптастырылады, бірақ Орталық ең қолайлы материалдарды мұқият іріктейді.
  • Тексеруді IELTS сертификатталған сарапшылары жүргізеді.
  • Listening, Reading, Writing нәтижелері 7 күн ішінде қолжетімді болады. Speaking нәтижелері 1-3 күн ішінде шығады.

Нәтижелер

Бағалау ресми критерийлерге сәйкес жүргізіледі: әр бөлім 9 балдық шкала бойынша бағаланады, ал қорытынды балл арифметикалық орташа ретінде есептеледі. Кандидат сынақ тестінің нәтижелерін электрондық пошта арқылы алады. Нәтижеде шамамен +/- 0,5 балл қателік болуы мүмкін. IELTS сынақ тестінің нәтижелері бойынша кері байланыс қарастырылмаған.

Бағасы

MOCK IELTS Listening, Reading, Writing, Speaking– 30 000 тенге
MOCK IELTS Listening, Reading, Writing – 20 000 тенге
MOCK IELTS Speaking – 20 000 тенге

Қалай тіркелуге болады?

IELTS сынақ тестін тапсыру үшін, біздің сайтымызда өтінім толтырып, төлем жасаңыз.

kk