УСЛОВИЯ ПРОВЕДЕНИЯ ПРОБНОГО ТЕСТА IELTS: ...

IELTS СЫНАҚ ТЕСТІН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:

IELTS сынақ тесті IELTS ресми емтиханына жатпайды. Сынақ тесті үміткерлерді ресми тест үлгісімен таныстыру мақсатында өткізіледі.

IELTS сынақ тесті:

  • Listening — 40 сұрақ — 30 минут + жауаптарды тасымалдауға 10 минут
  • Reading — 40 сұрақ — 60 минут
  • Writing – 2 эссе — 60 минут

NB: *IELTS сынақ тестін өткізу үшін жалпыға қолжетімді материалдар қолданылады, құпия материалдар пайдаланылмайды.

IELTS (L/R/W) нәтижелері: Нәтижелер сынақ тесті белгіленген күннен кейін 1 аптадан соң шығады. Listening, Reading, Writing T1, Writing T2 бөлімдерінің нәтижелері үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.

IELTS сынақ тестін өткізу орны: InterPress-IH мектептері. Сынақ тестін өткізудің нақты орны мен уақыты сынақ тесті өткізілетін күнге 2 күн қалғанда үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.

IELTS (L/R/W) сынақ тестіне өзімен бірге мына заттар болуы тиіс:

  • жеке басын куәландыратын құжат. Бұл құжат түрі тіркелу кезінде көрсетілген құжаттың өзі болуы тиіс
  • қарапайым қарындаш
  • өшіргіш
  • ұштағыш

IELTS SPEAKING сынақ тесті:

Ұзақтығы: 11-14 минут

Онлайн форматта Zoom бағдарламасы арқылы болады

NB: *IELTS сынақ тестін өткізу үшін жалпыға қолжетімді материалдар қолданылады, құпия материалдар пайдаланылмайды.

IELTS SPEAKING нәтижелері: Нәтижесі екі ұпай диапазонында ұсынылады және сол күні үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.

IELTS SPEAKING сынақ тесті күні:

  1. Сізді ешкім мазалай алмайтын тыныш орын табуыңыз қажет.
  2. Белгіленген уақытта сілтеме бойынша Zoom платформасын ашуыңыз қажет
  3. Өз құрылғыңыздың дыбысын, камерасы мен интернет байланысын тексеруіңіз қажет (Камера қосулы болуы тиіс, сынақ бейне байланыссыз өткізілмейді)
  4. Speaking Part орындау кезіндегі жазбалар үшін өзіңізбен бірге таза парақ пен қарапайым қарындаш болуы тиіс

IELTS (L/R/W) және/немесе IELTS SPEAKING сынақ тесті үшін және сынақ тестінің мерзімін ауыстыру үшін төленген қаражатты қайтару:

Үміткер белгіленген тестілеу күніне дейінгі 5 күнтізбелік күннен бұрын тіркеуден бас тартса немесе кейінге қалдырса, онда ол төлеген соманың минус 50%-ы қайтарылады.

Егер үміткер сынақ тестілеуі белгіленген күнге дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктіріп тестілеуге тіркеуден бас тартса немесе мерзімін ауыстырса, онда ол төлеген сома қайтарылмайды.

Үміткердің жұмысы жөнінде түсініктемелер берілмейді.

IELTS (L/R/W) сынақ тестінің бағасы : 10 000 теңге

IELTS SPEAKING сынақ тестінің бағасы : 10 000 теңге.

IELTS L/R/W + SPEAKING сынақ тестінің бағасы : 20 000 теңге

kk