IELTS СЫНАҚ ТЕСТІН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:
IELTS сынақ тесті IELTS ресми емтиханына жатпайды. Сынақ тесті үміткерлерді ресми тест үлгісімен таныстыру мақсатында өткізіледі.
IELTS сынақ тесті:
- Listening — 40 сұрақ — 30 минут + жауаптарды тасымалдауға 10 минут
- Reading — 40 сұрақ — 60 минут
- Writing – 2 эссе — 60 минут
NB: *IELTS сынақ тестін өткізу үшін жалпыға қолжетімді материалдар қолданылады, құпия материалдар пайдаланылмайды.
IELTS (L/R/W) нәтижелері: Нәтижелер сынақ тесті белгіленген күннен кейін 1 аптадан соң шығады. Listening, Reading, Writing T1, Writing T2 бөлімдерінің нәтижелері үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.
IELTS сынақ тестін өткізу орны: InterPress-IH мектептері. Сынақ тестін өткізудің нақты орны мен уақыты сынақ тесті өткізілетін күнге 2 күн қалғанда үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.
IELTS (L/R/W) сынақ тестіне өзімен бірге мына заттар болуы тиіс:
- жеке басын куәландыратын құжат. Бұл құжат түрі тіркелу кезінде көрсетілген құжаттың өзі болуы тиіс
- қарапайым қарындаш
- өшіргіш
- ұштағыш
IELTS SPEAKING сынақ тесті:
Ұзақтығы: 11-14 минут
Онлайн форматта Zoom бағдарламасы арқылы болады
NB: *IELTS сынақ тестін өткізу үшін жалпыға қолжетімді материалдар қолданылады, құпия материалдар пайдаланылмайды.
IELTS SPEAKING нәтижелері: Нәтижесі екі ұпай диапазонында ұсынылады және сол күні үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.
IELTS SPEAKING сынақ тесті күні:
- Сізді ешкім мазалай алмайтын тыныш орын табуыңыз қажет.
- Белгіленген уақытта сілтеме бойынша Zoom платформасын ашуыңыз қажет
- Өз құрылғыңыздың дыбысын, камерасы мен интернет байланысын тексеруіңіз қажет (Камера қосулы болуы тиіс, сынақ бейне байланыссыз өткізілмейді)
- Speaking Part орындау кезіндегі жазбалар үшін өзіңізбен бірге таза парақ пен қарапайым қарындаш болуы тиіс
IELTS (L/R/W) және/немесе IELTS SPEAKING сынақ тесті үшін және сынақ тестінің мерзімін ауыстыру үшін төленген қаражатты қайтару:
Үміткер белгіленген тестілеу күніне дейінгі 5 күнтізбелік күннен бұрын тіркеуден бас тартса немесе кейінге қалдырса, онда ол төлеген соманың минус 50%-ы қайтарылады.
Егер үміткер сынақ тестілеуі белгіленген күнге дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктіріп тестілеуге тіркеуден бас тартса немесе мерзімін ауыстырса, онда ол төлеген сома қайтарылмайды.
Үміткердің жұмысы жөнінде түсініктемелер берілмейді.
Стоимость пробного теста IELTS (L/R/W): 20 000 тенге.
Стоимость пробного теста IELTS SPEAKING: 20 000 тенге.
Стоимость пробного теста IELTS L/R/W + SPEAKING: 30 000 тенге