...

Ағылшын тілін білуге арналған тесттер

Кез келген қоғамда шет тілдерін білу аса бағаланады. Бұл дәстүр орта ғасырлардан бастау алған. Ол кезде өлеңдер мен романдарды француз тілінде оқу, сөйлеуде неміс сөз тіркестерін қолдану, ал ғылыми сөздерді латын тілінде айту сәнге айналған.

Сөз жоқ, біздің заманымызда да шет тілдерін білу аса маңызға ие болып отыр. Рас, француз және неміс тілдері өз танымалдылығын сәл жоғалтты. Олардың орнына халықаралық тіл болып есептелетін ағылшын тілі келді. Расында да, бейтаныс елге келіп, ыммен емес, сөзбен сөйлесе алудың кереметтігінде сөз жоқ.

Тесттер – тілді үйренудегі көмекшілер

Курстардың шет тілін үйренуге көмектесері сөзсіз. Ағылшын тілі де солардың қатарында. Алайда кез келген курста, әрбір өтілген тақырыптың соңында сынақ жұмыстары – тест тапсырмалары болады. Олар оқушының білім деңгейін түсінуге және олардың әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Тесттердің көмегімен қандай материалды меңгеру керектігі белгілі болады.

Тесттерді емтиханмен шатастырмаған жөн. Бұл жұмыстар мүлдем басқа мақсаттарды көздейді. Оның үстіне олардан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, емтихан қандай да бір оқу орнындағы оқу нәтижесін, оқытушы қорытындылаған нәтижелер мен ұзақ жұмыс нәтижесін көрсететін сынақтың ерекше бір түрі.

Тесттердің оң қасиеттері

Тесттер өте маңызды. Олар тіл үйренудегі жетістіктерді байқауға және оларды бағалауға, неғұрлым тереңірек зерттеуді қажет ететін тақырыптарды анықтауға және оқудағы олқылықтарды табуға мүмкіндік береді. Тесттің артықшылығы – ол мүлдем тегін және оқушының нәтижесі бір-екі күнде-ақ белгілі болады.

Тесттердің жағымсыз жақтары

Өкінішке орай, әр нәрсенің өз кемшілігі бар. Мұндай кемшіліктер сынақтарға да тән. Ең сорақысы, оқушылар оларды қорқынышты, қауіпті, болжауға келмейтін нәрсе ретінде қабылдайды. Бұл оқушыға үлкен эмоционалдық қысым жасайды. Мұның салдары – оқушының білімін дұрыс бағалай алмау және қорқыныш себебінен бұрмаланған нәтиже болып табылады. Яғни, сынақ нәтижесі ішінара оқушының көңіл-күйіне байланысты болатыны белгілі болды.

Тест жұмыстарының тағы бір кемшілігі - оқушының бүкіл материал бойынша емес, белгілі бір тақырып бойынша ғана білімін бағалау мүмкіндігі. Сондай-ақ, тесттердің оқушының білім деңгейін толық анықтай алмайтындығы да олқылық болып табылады.

Халықаралық тесттер

Шет тілін халықаралық деңгейде меңгеру деңгейін анықтайтын сынақтар туралы ұмытпаған жөн. Олардың тапсырмалары әдеттегі сынақтардың мақсатынан біршама ерекшеленеді, сондықтан да оларға ерекше түрде дайындалу қажет. Кейбіреулер өткен жылдардағы үлгілерді немесе сынақтарды шешеді. Басқалары шет тілін оқуды қарқынды түрде жалғастырып, бос уақытының барлығын дерлік соған арнайды. Тағы біреулері сәттілікке үміттенеді, негізінде бұның ең тиімсіз әдіс екендігін атап өткен жөн.

Бұл халықаралық сынақтардың кемшіліктерінің барлығы емес. Мысалы, бұл деңгейлік тест көп жағдайда ақылы болады және көбінесе емтиханды тапсыру үшін ғана емес, сонымен қатар, оған дайындалу үшін де ақы төлеуге тура келеді. Сізге шыдамдылық көрсетуге тура келеді, өйткені нәтижелерді қорытындылау өте ұзақ уақыт алуы мүмкін.

Алайда емтихан сынақтарының бірнеше артықшылықтары да бар. Олар, өздерінің маңыздылығына байланысты, бұл күресте кемшіліктерді жеңіп отыр. Мысалы, тапсырушы өзінің шет тілін меңгеру деңгейін бағалай алады, студент сертификаттың көмегімен шетел университетіне түсе алады, шетелде жақсы жұмыс таба алады.

Қорытынды жасайық

Тест – бұл жай ғана білім сынағы емес, ол сіздің болашаққа қосқан үлесіңіз әрі жақын арада міндетті түрде пайдаға асатын, жеке қасиеттеріңізді дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрену және тест тапсыру жақсы өмір сүру үшін аса қажет болып саналады.

kk