IELTS on Paper
Маңызды жаңалық:
IELTS on Paper тестіне өзгерістер
2025 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді
2025 жылғы 1 мамырдан бастап IELTS тестін қағаз форматында тапсыратын барлық Кандидаттар Listening, Reading және Writing бөлімдеріндегі жауаптарын Тест Орталығы ұсынатын қара түсті қаламсаппен жазуы қажет.
Жеке қаламсаптарды қолдануға тыйым салынады.
Бұл өзгеріс жауаптарды сканерлеу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған, нәтижесінде жұмыстар тезірек тексеріліп, нәтижелер мүмкіндігінше жылдам ұсынылады.
Жеке кеңсе заттарын (қаламсаптар / қарындаштар / ұштағыштар / өшіргіштер) тест аудиториясына алып кіруге тыйым салынады.
Рұқсат етілмеген заттар анықталған жағдайда, нәтижелердің жойылуына, тесттен шеттетілуге және IELTS тапсыру құқығынан бес жылға дейін айырылуға әкелуі мүмкін.
Егер бұл өзгерістер сіздің қағаз форматындағы IELTS тапсыру шешіміңізге әсер етсе, компьютер форматындағы IELTS тестін таңдауға болады.