Қазақстан аумағында UKVI IELTS қағаз форматында өткізілетін соңғы емтихан күні — 21.03.2026.

Құрметті тест тапсырушылар,
Сіздерге 22.03.2026 күнінен бастап UKVI IELTS емтихандарының барлығы компьютерлік форматта өткізілетінін қуана хабарлаймыз. Бұл формат емтихан тапсыру үдерісін анағұрлым жылдам, тиімді және ыңғайлы етеді.
Компьютерлік форматтағы UKVI IELTS қағаз нұсқасындағы IELTS емтиханымен бірдей тапсырма түрлерін және бағалау жүйесін ұсынады. Сонымен қатар, компьютерлік форматтағы UKVI IELTS тест тапсырушыларға қосымша ақысыз бірқатар маңызды артықшылықтар береді:
• Нәтижелерді жылдам алу: әдетте нәтижелер 1–2 күн ішінде жарияланады;
• Тіркелудің жеделдігі: тіркеу жабылардан бір күн бұрын емтиханға жазылу мүмкіндігі;
• Емтихан күндерінің көптігі: таңдау мүмкіндігі мен икемділік артады;
• One Skill Retake (бір секцияны қайта тапсыру): қажет болған жағдайда бүкіл емтиханды емес, тек бір секцияны ғана қайта тапсыру мүмкіндігі.
Егер сіз 2026 жылғы 21 наурыздан кейінгі күнге қағаз форматындағы UKVI IELTS емтиханына тіркелген болсаңыз, біз тіркеуіңізді жоюға мәжбүр боламыз және сізге төмендегі нұсқалардың бірін ұсына аламыз:
1. Компьютерлік форматтағы UKVI IELTS-ке тегін ауыстыру;
2. UKVI IELTS емтиханын қағаз форматында 2026 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей басқа күнге тегін ауыстыру;
3. Төлемнің толық қайтарылуы.
Қай нұсқаны таңдайтыныңызды хабарлау үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз, біз сіз үшін барлық қажетті шараларды ұйымдастырамыз.
Құрметпен,
IDP IELTS Kazakhstan
